web100kz.com

islam.com.kz - ИСЛАМ

Поиск WEB100:
 
Категории: Бизнес, Финансы и Рынок | Государство | Компьютеры и Интернет | Культура и искусство | Медицина и здравоохранение | Развлечения | Семья, мода и здоровье | СМИ | Спорт | Технологий и связи | Добавить сайт
 

Мы используем файлы cookie, чтобы сделать контент и рекламу более интересными и подходящими для вас, дать вам возможность делиться информацией в социальных сетях, а также проанализировать наш трафик. Мы передаем информацию о ваших действиях на сайте нашим партнерам: рекламным и аналитическим сервисам, а также социальным сетям. Подробнее…

 
 
<a href="https://www.instaforex.com/ru/250bonus.php?x=JINB">ИнстаФорекс портал</a>
 
 

ИСЛАМ

islam.com.kz

ИСЛАМ

Дата регистрации: 29.07.08 09:40

Переходов: 131

Вебмастер / владелец: Обновить сайт


Посетите сейчас: ИСЛАМ

Отказ от отвественности Отказ от отвественности: Web100kz не несет ответственности за содержание сайта, который Вы собираетесь посетить. По вопросам, касающимся содержания сайта, пожалуйста, свяжитесь с его владельцами.

Ислам Қазақстан


r Бинежан пишет...

Керемет Өлең екен Сізге Алла разы болсын!

Дата: 16.04.13 22:27 22:27

r Серікбай Маханұлы ақын - сазгер . пишет...

МҰХАММЕДТІҢ ҮМБЕТТЕРІ .

Би- исми –л –лахи –р –рахмани –р –рахим ,
О , Жасаған адамзаттың иесі ,
Бір Алла дер мұсылмандар пендесі .
Тәубе етіп Ислам дінін ұстайды
Қаһарынан ұрмасын деп киесі .

Нұрын төксе шапағатын періште ,
Қырық парыз шариғатың есепте .
Жер бетінде он сегіз мың ғаламға
Жан бітірген бір Құдайым емес пе ?

Дүниеге келгеніңде шыр етіп ,
Өмір тұрды өлімменен қүресіп .
Жер мен көкке уағыздалды жар салып
Адам деген есіміңді білгізіп .

Айтыңдаршы жолың қандай пенделер ,
Өтіп жатты заманыңда кемеңгер .
Жетпіс жылға қаңқу сөзге жем болып
Қайда кетті діннен безіп жүргендер ?

Қараңдаршы атты таңым жарық боп ,
Қайтып алдық дінімізді халық боп .
Алла елшісі Мұхаммедім – пайғамбар
Қайта енді Құран сөзі анық боп .

Ойланыңдар жақсылық бар дінімнен ,
Бес уақытты намаз оқы тіліңмен .
Басты игін , сүре жатта дәрет ал
Иман айтып өсе бергін біліммен .

Сақтаныңдар зейнеқорлық – арақтан ,
Айуан болып безіп кетпе ар аттан ?
Зорлық етпе , көмек бергін нашарға
Барлығында Алла өзін жаратқан .

Бұл пәниде өлшеп берген өмір бар ,
Сыйласыңдар болмасыншы көңіл тар .
Ұлың өссе отырғызғын сүндетке
Мұсылмандық белгісімен төрің бар .

Айнымағын алған беттен құйғылап ,
Кетпесінші ақ отаулы үй құлап .
Орындалсын армандарың аңсаған
Егін өсіп , жайқалсын жер су сұрап .

Жеткізе көр қанағатқа шүкірлік ,
Арамдықтан сақта Құдай күпірлік .
Өз үйіңнен Мешіт үйін артық көр
Кетіп жүрме еденіне түкіріп ? !

Ауыз бекіт , оразаңды ұстағын .
Ақ некелі жарыңды күт , қыспағын .
Садақаңды ғарыптерге бере біл
Тыныш жүргін ұрлап кетпе тыстағын .

Шариғатта аяттар көп жазылған ,
Қасиетін оқып ділің тазарған .
Ақша тігіп , құмар болған ойынға
Ант ұрады , тереңнен ор қазылған .

Сөйлемегін кесір сөзді ғайып қып ,
Айта көрме Алла атын айтыс қып .
Ата – ана қарыздарын мойындап
Өтей білгін шариғатын дайын қып .

Ояныңдар Мұхаммедтің үмбеттері ,
Бостандыққа еніп жатыр жер беттері .
Жақсылықтан күдеріңді үзбеңдер
Адал жанның жаңарады келбеттері .

Жуынды су , күл – қоқысты төкпегін ,
Көшелерге еккен талды кеспегін .
Елдің іші «алтын бесік» демей ме
Ағайыннан шеткері тыс кетпегін ?

Бір Құдайым кешірмейді залымды ,
Орындағын шариғаттай заңыңды !
Жақсы адам шапағатын тигізер
Бас ауырып қинағанда жаныңды .

Алдап жүрсең «тәуіп» болып құр бекер ,
Имандылық ишараттан нұр кетер .
Көпшілікке сәл нәрсеге мақтансаң
Құйындатып өсек ғайбат шыр етер .

Жалған сөзден , өтіріктен аулақ бол ,
Кіндік кескен , туған жерге аунап қал .
Екі ердің шағыстырмай арасын
Қорламағын хайуандарын айдап сал .

Мұсылмандар қорғамайды арамды ,
Шайтан етіп жібермейік адамды .
Ақ Исламның тура жолын ұстасаң
Жарқыратар қараңғылық саңаңды .

Таң да атар , Күн де батар арайлап ,
Таза жүрсең гүл жайнайды бар аймақ .
Мұхаммедтің үмбеттері ойланып
Жүре білгін жолдарыңда абайлап !

Дата: 05.04.13 23:19 23:19

r Серікбай Маханұлы ақын - сазгер . пишет...

ЖАЛПЫҒА БАТА .
Би –исми- л- лаһи- р –рахмани –р –рахим ,
Қолдай көргін қазағымның өз салтын.
Алла өзі жаратқанда әлемге
Адам етті ұяттан сақтап танитын .

Уа , Құдайым төге көрме зәріңді ,
Күн көзінен бөліп бергін нәріңді .
Егін өссін қара жерден жайқалып
Астығымен жарылқасын бәріңді !

Дұшпандарың тайқақтасын артыңнан ,
Достар шықсын қамыққанда алдыңнан .
Қызыр ата жолыққанда оң болып
Орындалсын тілегенің жолыңнан .

О , көпшілік ұмытпағын анаңды ,
Ақ тілекпен ала бергін батаңды .
Шайпау қатын көк беттіден аулақ бол
Өмірінде сыйлай білмес адамды !

Иықтағы жұмыр басқа ой толсын ,
Адал еңбек арқасында той болсын .
Қайрымдылық шектелмесін елімде
Көмек берер ер азамат көп болсын .

Қорғай білсін өз Отанын сатпасын ,
Ана сүтін , ар – ожданын ақтасын .
Тату – тәтті өмір сүріп барлық ел
Жер бетінде бейбітшілік жасасын !

Дата: 05.04.13 23:13 23:13


Ваше имя и фамилия:
E-mail:
Комментарий:
Are you from the moon?
 
  Все посты будут модерироваться и мы оставляем за собой право удалять комментарии не по теме.
 
© 2016 WEB100kz
Все права защищены.
Website Screenshots generously
provided by PagePeeker. Timezone: Almaty, KZ.