web100kz.com

kazmusiclife.ucoz.com - Жаңа әндер сайты 2013 (Алматы)

Поиск WEB100:
 
Категории: Бизнес, Финансы и Рынок | Государство | Компьютеры и Интернет | Культура и искусство | Медицина и здравоохранение | Развлечения | Семья, мода и здоровье | СМИ | Спорт | Технологий и связи | Добавить сайт
 

Мы используем файлы cookie, чтобы сделать контент и рекламу более интересными и подходящими для вас, дать вам возможность делиться информацией в социальных сетях, а также проанализировать наш трафик. Мы передаем информацию о ваших действиях на сайте нашим партнерам: рекламным и аналитическим сервисам, а также социальным сетям. Подробнее…

 
 
<a href="https://www.instaforex.com/ru/250bonus.php?x=JINB">ИнстаФорекс портал</a>
 
 

Алматы

Жаңа әндер сайты 2013

kazmusiclife.ucoz.com

Жаңа әндер сайты 2013

Дата регистрации: 21.01.13 20:29

Переходов: 384

Вебмастер / владелец: Обновить сайт


Посетите сейчас: Жаңа әндер сайты 2013

Отказ от отвественности Отказ от отвественности: Web100kz не несет ответственности за содержание сайта, который Вы собираетесь посетить. По вопросам, касающимся содержания сайта, пожалуйста, свяжитесь с его владельцами.

Жаңа әндер сайты 2013


Имя компании: Жаңа әндер әлемі
Адрес:
Алматы
Телефон: 87011577464
Факс: a3amat.orynbasarov@mail.ru


r Серікбай маханұлы пишет...

ШЕКСІЗ ДАЛАМ

Шексіз далам , өзіңе қайран қалам,
Не көрмедің жоныңнан өшпей жараң .
Қанша дәуір өтседе міз бақпастан,
Қарсы алам , қуанам мен бір балаң .

Аққанында сулы жер нуыңменен ,
Қадалыпты қүмдарға құйынменен .
Келіп жетті алыстан қара қытай ,
Айқасқанда тосыннан жауыңменен.

Тауменен – тас, өзендер толқып аққан,
Арнасына сыйалмай шалқып жатқан.
Кең даламда құлшынып асау аттай ,
Жүйіткійді зулатып шаңын шыққан .

Шексізденіп байлықтан дала қандай ,
Көрінеді о бастан жаралғандай .
Жүрегімді мазасыз шанышқылап ,
Ойға батып отырам балапандай .

Армандаған кезінде бабаларым ,
Қорғап өтті жауынан аталарым .
Үлгі алып солардан келем өсіп ,
Адалдықпен даламды қорғаладым .
ӨМІРІМ – ӨТТІ

Өмір өтті бір күнгі уақыт болып ,
Өтті кетті , тағыда күнмен батып .
Отырамын күбірлеп кейде өзім ,
Әлде – нені іздеймін ұйқым қашып.

Қысқартылып нақылым қайтар кезім ,
Ортасында қалмадым қайнар сезім .
Тоқтатылды осымен өлең деген ,
Жатпайсың ба тып- тыныш айтар сөзім.

Қолымдағы қаламым түртіп қалды,
Сезімімді ақ парақ билеп алды .
Тоқтатпаcтан өлеңді өнерменен ,
Салыстырып жазсайшы қыйнап жанды .

Өлең емес – өмірім шөккен таудай ,
Қатарыма қараймын есім аумай .
Шабыт беріп бір өлең тұрғанында,
Мөлдіреген алдыңда көздер қандай.

Өрнек тағып өтейін зер салмастан,
Жыл құраған өмірім құламастан.
Мақпал сөзді қаймықпай жазар едім ,
Кейбіреулер тұрғанда сынамастан .

Сынай берсін көңілім орныққанда ,
Судай ағар арманым торыққанда .
Біле алмай өтемін сондай жанды ,
Өзіне ғана қапысыз жолыққанда .

Айтып өтем ойымды жалықпадым ,
Өлеңменен көгімде қалықтадым .
Бійіктерге ұмтылсам өмір болып ,
Бір жұлдызың болуды армандадым .
CЕН МЕНЕН СҰРАМА ?

Байқаймын дүние кең жаратылған,
Санасыз , ойсыз адам шұбатылған .
Несіне қалқатайым сұрай бердің
Жолдарын айтшы маған жылатылған .

Таусылды дей көрмегін бар шындықтан,
Кезінде өрбіп өскен тал шыбықтан .
Тілекте айталмаймын кімдер жеткен,
Қалқамау шошынамын жырлатылған .

Сен менен сұрай бердің қас қағымда ,
Тәңірім соншалықты тоғысқанда .
Самалын желпігендей пешенеме ,
Өзің боп жәй барақат сен тұрғанда .

Сұрама енді қайтып ол туралы ,
Аққудай табиғатым шын тұлғалы.
Жүрегім шексіз сүйді бар шындықты,
Бар болса махаббатқа құлағалы .

От құшақ жанып тұрған бей уақытта,
Қызықпа біреулердің бастапқыда.
Айтылған сөздеріне еріп кетсең ,
Болмайма тілектерің жанасқанда .

Ем таппай жүрегіңді жаралайсың ,
Өзіңді жабырқанып мазалайсың .
Сұр жұмбақ Ей,махаббат ойланайық,
Кеудеңді керіп тұрып тазалайсың .

Дата: 11.10.16 19:02 19:02

r Серікбай маханұлы пишет...

КҮЗДЕГІ ЖАҢБЫР

Ашық аспан, жерге түсті жапырақ,
Сұрланады талдың басы қалтырап.
Мазасыз боп аяқ асты жаншылып,
Күйге еніп жатыр барлық атырап .

Құйындатып жел тұрады бір кезде ,
Сай – саланы қыдырады сұр күзде.
Көк жүзіне алып ұшты тоқтамай,
Топырағын сyырады ілезде .

Кең даланы күркіретіп найзағай ,
Дүрліктіріп осып өтті жайма – жай.
Бұршақпенен жаңбыр жауды аралас,
Тас лақтырды ешкімдерге қарамай.

Табиғатқа күзгі жаңбыр жанастап,
Басыллады уақытпенен таластап.
Қара бұлттар шөгірленіп әр жерде,
Жосығанда гуылдейді қарыштап.

Ағызғанда жан – жағына шелектеп,
Күзгі жаңбыр қара жерге керек деп.
Егінші жүр жазда еккен егінін,
Жыйнастырып аяқ – қолы дірілдеп.

ДҮНИЕ ШІРКІН.
(Дүйсенхан Нақымовқа)

Өршіл ақын өлең жаздым толғана ,
Міндет етіп, медет еттім сол ғана .
Қайталанбас лирикалық жырыңды,
Сөз бастадым бірлестікте жол жаңа .

Ақ алмастай бұл өмірден өтіпсің ,
Шындықпенен жалғандықты сезіпсің.
Қойныңды аш айтылмаған ой бөліп,
Жаның құмар, дүниеден кетіпcің .

Ертелі -- кеш поэзияның өріне,
Жүрегіңмен қалам сілтеп бәріне .
Шыққанында «Тұңғыш кітап» өлеңге ,
Көз жұмылды, ахыреттің төріне.

Қимастықпен соңғы мәртә қарадың,
Қиналыспен пәс түскендей жанарың.
Өлмейтұғын өлеңдерім фәниден ,
Досқа сеніп, тастап бара жатырмын.

Дедің маған жазғандарым жеңілге ,
Күн көзіндей жарқылдаса көңілге .
Жақсылыққа нұрын шашып шуақтап,
Толқындатып күйін шертсе өмірге.

Өмір – өмір, талай ақын туады,
Алатаудың биігіннен тұрады.
Ақ арманың бүлкілдеген бұлақтай,
Туған жердің махаббатын жырлады.

Серікбай Маханұлы.

Дата: 11.10.16 18:23 18:23

r Серикбай маханулы пишет...

Ұшқыр қиял.

Ұшқыр қиял кетті алыс самғаған,

Армандарым жеткізбейді аңсаған.

О,Құдірет айтшы өзің турасын

Несібемді беріп едім арнаған.



Оянамын шыққан күнмен жарысып,

Белдер жатыр кеңістікте толқысып.

Қанат қағып ұшқанында топ құстар

Жер бетінде адамдар жүр тартқыласып .



Көтермегін көкке қарай мылтықты,

Көрсетпеңдер бойға біткен қырсықты.

Жаңылысып үйрек-қаз деп байқамай

Аққу түгіл,ата көрме шымшықты.



Өмір керек қыбырлаған бәріне,

Ызыңдатып салып жүрсін әніне!

Табиғаттың беріп қойған көркі ғой

Мас болмайық ішпей-жемей нәріне.



Айтарым көп тыңдасаңдар адамдар,

Болмасаңдар түсінбейтін надандар,

Сақтай білгін ар-ожданың ортаңды

Мына заман қандай жарқын қараңдар.



Емессің ғой тірі өлік, «нас-ноқат»,

Еңбек етсең табылады ас-ауқат.

Бабаларым ұрпақ үшін із тастап

Өткен бәрі кір келтірмей азамат!

Дата: 06.05.16 09:33 09:33

r Серикбай маханулы пишет...

Жетпістің жетегінде.



Жетпістің жетегіне өтемін бе,

Шынымен жастық шақты өтедім бе?

Бұл қалай қырма сақал-ақ бас шашты

Атанып ата болып кетемін бе ?



Бәрінен сескенемін сөз айтуға ,

Жолым жоқ кейін қарай бос қайтуға.

Дүние өтті-кетті шыр айналып

Есепсіз тіршілікті байытуға.



Күн көзін сезінемін жарығынан,

Ағыны бұл қай бұлақ бұраңдаған.

Байлықтың біле алмадым есебі жоқ

Жамандық жақсылыққа құралмаған.



«О, тоба» қатарымнан қалғаным жоқ,

«Су іштім» озбасамда- қарыным тоқ.

Ойласам бұл өмірді астан-кестен

Істерім бітпей жатыр – арманым боп !



Жетпіс жас сапарларым әлі де көп,

Өзеннің күркіреген- нәріндей боп .

Алға деп қозғаламын сыр берместен

Жалынды жастығымның гүліндей боп !

Дата: 06.05.16 09:24 09:24

r Серікбай маханұлы ақын - сазгер пишет...

АРМАН ЖҮРЕК .
( Ел азаматы Дәнеев Жорабекке )
Көтеріңкі ырғақ . Сөзі және Әні .
Серікбай Маханұлынікі .
Ойландырған армандарың өшпейді ,
Жарқыраған жарық жұлдыз сөнбейді .
Шындық үшін жаратылған ер тұлға
Ел есінен мәңгі бақи кетпейді .
Қайырмасы :
Буырқанған тау бұлағы секілді ,
Рухыңменен тебірентіп еліңді .
Арман жүрек , ер азамат Жорабек
• Заман тыныш , ұрпақтарың жетілді .
Айналдырған естелікке өңірің ,
Толқын болған көк теңіздей өмірің .
Сағынышпен туған елің іздейді
Шаттықпенен жай тапқандай көңілің .
Қайырмасы :
Иланбадың жалған сөзге көз көрмей ,
Шаршамадың бақыт іздеп өзгедей .
Досқа деген ақ пейілді мінезің
Бейнең болып елестейді өзгермей .
Қайырмасы :

Дата: 04.11.15 11:59 11:59

r Serikbay mahanov пишет...

БЕРДІ АҒА .
( Бердіуәлі Тұрмаханбетовке )
Ойлы әсермен . Сөзі және Әні .
Серікбай Маханұлынікі .
Кеттің қалай асыл аға сау жүріп ,
Ақтық демің қалғаныма таусылып ?
«Бақыл сөзге» тілдесуге сәт болмай
Қала бердік құр кеудені «қаусырып» .
Қайырмасы :
Көпшілікке үйір едің Берді аға ,
Ақыл ойың сақталады санаға .
Серілердің көштеріне ілесіп
Ұрпағыңа тарих болдың жаңаға .
Жылап тұрып қоштасамыз жан аға ,
Қайғырамыз орны толмас қазаға .
Ел – жұртыңа жазып берген шежірең
Нақыл сөзбен үлгі болды баршаға .
Қайырмасы :
Жоқтау айттық көзге тұнған жаспенен ,
Атар едік , сұм тажалды таспенен .
Із қалдырдың өрнек тағып қазаққа
Өшпес шамың журналистік баспамен .
Қайырмасы :

Дата: 04.11.15 11:54 11:54

r Serikbay mahanov пишет...

- СЕРІКБАЙ МАХАНҰЛЫ
ЕҢБЕК ЖӘНЕ ТЫЛ АРДАГЕРІ .
ӨЛЕҢ ЖАЗДЫМ ТОЛҒАНА .
Кешір ағай , сіз жәйлі өмір тозып ,
Шабыт келіп отырмын өлең жазып ..
Кешегі күн елестеп көз алдымнан ,
Өтіп жатыр бір келкі сабақ болып .

Тірі болсаң өзіңмен сексен бесті,
Тойлар едік тербетіп туған күнді .
Уақыт өтер , ұрпағың еске алып
Еңбегіңді дәл кәзір жырлап өтті .

Отыз бес жыл өтіпті толғаныспен ,
Арман болар тірлігі алған іспен ..
Көңілің ақ , мөп – мөлдір судан таза ,
Неге ғана көз жұмдың қайран жаспен

Қамығамын елу жыл арада жоқ ,
Дүниеден озғанда бірге болдық .
Алматының дәм – тұзы бұйырмапты
Мәңгі тірі атың қалды ұстаздық . Амангелді мектебін сынап тұрдың .
Кір келтірмей атыңа сайран құрдың ,
Үш жып бойы біздерді тәрбиелеп ,
Көпшіліктің өзгермес ұлы болдың .

Шәмшіменде достасып бірге жүрдің ,
Алматының апортын күзде үздің .
Спорттарда секіріп биіктерге ,
Валиболды атқарып сонда күлдің .
Есіміңді Құрасбек ел біледі ,
Оқушылар барлық кез сөз етеді .
Мұндай ағай таппайсың жер бетінен ,
Химиядан үйретіп дәріс берді .

Туған жерің палуан Қажымұқан ,
Тарихың бар сеніңде жыр мен дастан .
Азаматсың сендірген шындық үшін ,
Отаныңды қастерлеп Қазақстан .

Дата: 04.11.15 11:50 11:50

r Скаікбай маханұлы пишет...

МЕРЕКЕ КҮНІ .
Маусымның бірі бүгін ерекше күн ,
Сәбилер еркін самға , ойна да күл .
Қарашы мына заман қандай бақыт
Мереке сыйлығына арналады гүл .

Мінезін сәбилердің мың айналып ,
Таң атты шуақ болып арайланып .
Сүйемін болашақтың жеткеншегін
Өнерін үйренгенде пайдаланып .

Шындықпен шыңдалғанда анық сөзге ,
Берік бол сәбилерім барлық кезге .
Қазақстан Нұр Отаның шарықтайды
Оранып құшағында шаттық биге.

Бастайық бейбіт күннің ойындарын ,
Сайрандап көл – дәрия , ормандарын .
Қорғайық жер бетінде сәбилерді
Соқпауға қара ниет сойылдарын .

ӘН САЛАМЫН .

Ән саламын мен бүгін ,
Жыйыстырып қыр гүлін .
Сыйлау үшін Анамды
Түрлендірдім тізбегін .

Ілгері қарай шабамын ,
Бақытқа бастап заманын .
Қорғайды бізді ағалар
Еңбекке баурап адалын .

Құстар әнін шырқатты ,
Самғай ұшып қанатты .
Ардақтаймын туған жер
Қараңдаршы таң атты .

Отан елім тірегім ,
Саған ауды тілегім .
Мәпеледің өсірдің
Сен деп соғар жүрегім .

Ұмытпаймын бұл күнді ,
Жарқын жүзді күлкімді .
Балабақша өз үйім
Қандай едің сүйкімді

Бақытты біз баламыз ,
Әнші , биші боламыз .
Көп – көп оқып үйреніп
Жетіледі санамыз .

Қара бұлттар қаптама ,
Аспаныма шоқ салма .
Алтын Күн нұрынан
Бастаймыз сан бастама .
.
Ал , достарым дайын бол
Мерекеге дабыл ол ..
Ұясынан күн шықты
Сәлем беріп қабыл ал .

Ертеңіміз болашақ ,
Қандай қызық ойласақ.
Ақ пейілді адамдар
Жұбатады жыласақ .

Түн ұйқысын төрт бөліп ,
Бесік жырмен тербетіп .
Нәрін берді Анашым
Бүгін тұрмын ер жетіп .

Неге бөбек әуресің ,
Көгімде күн сәулесін .
Төгеді ғой біздерге
Піскенінде мәуесін .

Мерекені тойлаңдар ,
Асыр салып ойнаңдар .
Жалғасады арманың
Келешекті ойлаңдар .

Болсаң егер дәрігер ,
Адамдарға нәрін бер .
Жақсы істер бастайық
Алла өзің сәтін бер .

Ұшақпен де ұшасың ,
Уақыт тауып ұтасың .
Сол себепті көп оқы
Өмір ылғи қыспасын !

Дата: 07.10.15 14:54 14:54

r Серікбай маханұлы пишет...

Әнді мен жүктеуды білмеймін .

Дата: 01.10.15 12:53 12:53

r СЕРІКБАЙ МАХАНҰЛЫ пишет...

ОРАЗА ҚАСИЕТІ .
Сөзі , әні .
Жоғарлатып . Серікбай Маханұлынікі .

О , пендем Құран сөзін сүндет дейік ,
Отыз күн Оразаны міндет дейік .
Ауызды бекіткенде шын пейілмен
Арылып пәк күнәдан жеңілдейік .

Қайырмасы :
Ауыз бекіт жарасаң ,
Қандай бақыт қарасаң .
Ислам діні -- Мұсылман
Қабыл болсын Оразаң .

Намазбен жалғасқанда әрбір ісің ,
Білейік қасиетін сәресінің .
Бір Аллаң оңғарғанда ақ жолыңды
Тәубе деп , «пітіріңді» беремісің ?

Қайырмасы :
Азғынын арам судың көрсетпегін ,
Жарығын жадыратты көктегі Күн .
Өсекшіл , ғайбат сөзден аулақ етіп
Кем бағал , ғарыптерге көмектескін .

Қайырмасы :

Дата: 05.05.15 13:48 13:48

r Серікбай маханұлы пишет...

КАРДИОЛОГТАР ӘН ҰРАНЫ .

Маршпен . Сөзі , әні Серікбай Маханұлы

Адамдардың жүректері ауырған ,
Кездерінде Кардиолог атқарған .
Күндіз – түні жұмыстарын өмірге
Міндетімен сағындырып атанған .
. Қайырмасы :

Жарқырайды дәрігерлер ақ қанат . . Көркіменен сұлу мүсін ақ халат ,
Жүректерге «Ота» жасап бей уақыт
Еңбегімен Кардиологтар ән болат .


Қысылғанда жатыр жүрек жұп- жұмыр ,
Сағат санап тоқтайдыма тым шымыр .
Туған елдің азаматын сақтауға ,
Кардиолог антын берген ең ауыр . . .
Қайырмасы :

«Апаратын» тіршілікке салумен ,
Тілектерін атқарғанда жылумен .
«Электриг» деп, ат қойды көпшілік ,
Заманында гүл жайнатып тұрумен . . .

Қайырмасы :

Дата: 18.03.15 08:23 08:23

r Серікбай Маханұлы ақын -- сазгер пишет...

АҚМАРАЛ .
Желпіндіріп Сөзі , әні Серікбай Маханұлы .
Айдай көркем нұрым болған Ақмарал ,
Жарасады сиға тартқан орамал .
Қандай ыстық еркелеген мінезің ,
Ғашық болған жүрегімді қабыл ал .
Қайырмасы : . Ақмарал – ау , Ақмарал ,
Тәттілігің шекер – бал .
Желдей есіп өтесің ,
Көктемдегі нұр – самал .
Жадыратып көңілді ,
Ақмарал – ау , Ақмарал !
Алатаудың бөктерінде сая бақ ,
Орнатылған махаббатқа ол бірақ .
Сырласқанда , ән салғанда екуміз ,
Кетіп жүрме алыс жаққа сен ұзақ .
Қайырмасы: . Алауланған көктемінде күн кештім ,
Тіршілікте Ақмаралмен тілдестім .
Сүйген жүрек лүпілдерін басалмай,
Сол бір кеште,соңғы көшпен ілестім .
Қайырмасы

Дата: 22.01.15 11:43 11:43

r Серікбай Маханұлы ақын -- сазгер пишет...

ҚИМАЙМЫН.
Толғаныспен . Сөзі , әні Серікбай Маханұлы
Қимаймын бет – жүзіңе қарай берем ,
Баласам басқа жанға қалай көрем .
Қоспады ойламаппын тағдыр бізді ,
Соншалық келбетіңде қандай көркем .
Қайырмасы : . Нәзіктігің есімде ,
Жарасады кезіңде .
Құпияға кез болып ,
Қала бердім сезімде .
Ойымды жасқаншақпен айталмадым ,
Өтті ғой , талай түндер қайталмадым .
Төзімді армандаған өзіңменен ,
Жүрсемде алдандырып жасымадым . . Қайырмасы :
Білесің сүйгенімді айтып тұрып ,
Мерейін жақсылықтың алып ұшып .
Қол жетпес дүниенің асылдарын ,
Теңесем жүрегіммен қысып құшып . . Қайырмасы :

Дата: 22.01.15 11:41 11:41

r Серікбай Маханұлы пишет...

ДҮНГЕН ҚЫЗЫ .
Жоғары екпін . Сөзі , әні .
Серікбай Маханұлынікі .

Талай қыздың сұлулығын көргенбіз ,
Сырың жұмбақ еркелеген Дүнген қыз .
Жаратылған нәзік сезім мөлдір көз
Тарбағатай тау елінен келген қыз .

Қайырмасы :
Көз жанарың жарқырап ,
Магниттей боп тартқылап .
Дүнген қызы қарайсың
Атқан таңдай алаулап .
Бір қазақтың тілегін
Қабыл алғын жүрегін .

Бақыт таңын ойланамын енді мен ,
Шырқатайын шарықтатып әнді мен .
Күн көзінен гүл оранған Дүнген қыз
Бар арманым бірге болу сенімен .

Қайырмасы :
Басылмайсың көңіл шіркін сергімей ,
Іздесемде табылмайды қыз сендей .
Жерің жәннәт Тарбағатай даласы
Қалай жүргем Дүнген қызын мен білмей .

Қайырмасы :

Дата: 22.01.15 11:36 11:36

r Серікбай Маханұлы ақын - сазгер . пишет...

САҒЫНЫШ .
Сөзі , әні .
Тебірене іздеу . Серікбай Маханұлынікі .

Сағындым жаным таңдан ба ,
Түсіме кірдің ақ таңда ?
Қыдырған түнім жаз еді
Бақтарым гүлдеп жатқанда .

Қайырмасы :
Бұл күнде айтшы қайдасың ,
Ақ еркем өзің қалайсың ?
Сағынған жүрек мұңайды
Таңырқап сонша қарайсың ?

Іздедім сені талай түн ,
Жылдарым өтті санайтын .
Елесің маған үн қатты
Толқыған теңіз -- ақ айдын .

Қайырмасы :
Сүйемін кімді таңдан ба ,
Сенен бір артық жан бар ма ?
Түсіме енген сағыныш
Қосылмай кеттің арманға !

Қайырмасы :

Дата: 13.04.14 06:30 06:30

r Серікбай Маханұлы ақын - сазгер . пишет...

АМАН БОЛ БОЗБАЛА .
Сөзі , әні
Көтеріңкі жігермен . Серікбай Маханұлынікі .

Есейсемде мен іздеймін Тараздан ,
Жарқын бейнең елестейді Таластан .
Сол бозбала аман болып , жас болып
Жастығымды ұмыта алман еш қашан .

Қайырмасы :
Таразым меннің жыр мекен ,
Жастығым сонда жүрмекен .
Гүлдерге әсем оранып
Желменен баяу таранып .
Таластың бойын жағалап ,
Бақтардың ішін аралап .
Жүректе қалған сен ғана
Өзімді сүйген бозбала ,
Бозбала .

Тербетесің сағынышқа жүректі ,
Санауменен айлар , жылдар , күн өтті .
Күлімдеген бал –-- мінезді бозбала
Армандадық , бірге арнап тілекті .

Қайырмасы :
Аман болсын сол бозбала жастығым ,
Есімдесің туған жерім Таразым . Сұлулықтың --- пәктігімнің белгісі
Аққуың боп қанат қақтым Таласым .

Қайырмасы :

Дата: 13.04.14 06:27 06:27

r Серікбай Маханұлы ақын - сазгер . пишет...

АУЫЛ АРУЛАРЫ .
Баяулата Сөзі , әні .
Серікбай Маханұлынікі .


Ауыл түні жұлдыздарын шашқандай ,
Неткен ғажап қыз – келіншек мақпалдай .
Көрген жандар таңырқайды тамсанып
Қызғалдақтар ағып келе жатқандай .

Қайырмасы :
Көктем күні , қыз – келіншек ауылдың ,
Құтты болсын , нұрға толған Наурызың .
Сұлулықта табылады бәріңнен
Мінезінен аулақ болсаң дауылдың !

Таң нұрынан қызыл шәлі жамылып ,
Жарық Айдан сәукелесін тағынып .
Ару қыздар күлімдейді қол бұлғап
Махаббатын ақ қайыңнан сағынып .

Қайырмасы :
Қабағынан жүрек сырын аңғарар ,
Бұл қазақтың әйеліне таңғалар .
Келбетімен ерлеріне нұр құйған
Асыл жандар сағынышты ән салар .

Қайырмасы :

Дата: 13.04.14 06:21 06:21

r Серікбай Маханұлы пишет...

ДҮНИЕ КЕРУЕН .
Барасың қайда асығып ,
Төбеден Күнді жасырып ?
Таң нұры жылжып биіктен
Сәулесін жатыр асырып !

Тізгілеп барқыт сай – сала ,
Өзгерді аймақ айнала .
Қазанын жуып көк нөсер
Төгеді қаймақ тап – таза .

Жап – жасыл желек жамылған ,
Қырлардан гүлдер тағынған .
Дүниең жалған керуен
Жылжиды алтын тағынан .

Айнала толған шаттық үн ,
Айналып өтті Күн мен Түн .
Табиғат сырын түсінгін
Жадырап тұр ғой ашық күн .

Бояуға малып маңайды ,
Тоғайда бұлбұл сайрайды .
Теңеліп бәрі тамаша
Заманым гүл – гүл жайнайды .

ҚАРА БҰЛТ .
Қара бұлт қаптап шың басын ,
Түйдектей төкті тұнбасын .
Тал менен терек мүлгиді
Күткендей болып сырласын .

Төгесің моншақ селдетіп ,
Кетесің кейде желдетіп .
Сағына күтіп Жер – Ана
Құшағын жайды тездетіп .

Тоқтаусыз ешбір көшесің ,
Тау менен тастан өтесің .
Аспанды тіліп қамшыңмен
Шартылдап барып өшесің .

КҮЗ КЕЛГЕНДЕ .
О , әсем күз келіп қапсың қыратқа ,
Өрнегіңмен быраз уақыт тұрақта .
Шуылдаса шөп майысып , жел есіп
Қозғалады бақтардағы бұтақ та .

Ақша бұлтпен қалықтайсың нұрлы күз ,
Өлкемізге еніп тұрсың қанша жүз .
Аяқ асты шашылмасын ен байлық
Кезі жетті сағағынан алма үз .

Жеміс піссе аралайсың ішінде ,
Дала тұрар алтын түстес пішінде .
Ызғырық жел маза бермей суытса
Қараша ғой соғып тұрған күшінде ?

Кең даладан жан – жануар таппақ нәр ,
Маусым сайын өзгереді алқаптар .
Бояуларын мезгілімен өзгертіп
Кезегімен келіп қалар аппақ қар !

О , шіркін күз кім сүймейді үніңді ,
Көңіл – күйге жарасатын түніңді ?
Мен де сені нақ Абайдай сүйемін
Айтып тұрмын жүрек жарған шынымды .

ӨТЕР УАҚЫТ .
Сағат санап өтіп жатыр жыр уақыт ,
Кейбір адам өздерін жүр жұбатып .
Қатар жүрген досың болса наданнан
Қысылғанда кетер орға құлатып .

Абайсызда ажал келсе тайсалмай ,
Бітті өмір дей көрмегін досым – ай ?
Енші алмай дүниеге із тастап
Талай дарын өткен екен байқалмай .

Кім боларын ұрпақтарын білместен ,
Шығармапты әуен – жырды елестен ? !
Табиғаттың өмір заңы болмаса
Жүрмеспедім дүниеге келместен ! ? .

ӨЛЕҢ ШАБЫТПЫСЫҢ .
Қияннан қиял толқып шартарапқа ,
Өлең боп қонып жатыр ақ параққа .
Маңырап көгендегі қозылардай
Арманым жетелейді жыр бұлаққа .

Шабытым шарпығанда аспаныма ,
Ұнамас әлде бәлкім дұшпаныма ?
Сын айтқын жасырмағын шын сөзіңмен
Сонда мен риза болам достарыма .

Жазайын қызықтырып алтын өлең ,
Өмірдің жанып тұрған шамын көрем .
Лайланып мөлдір суың бозғылданса
Көңілден пәс түспеін жарқын бейнем .

Сен үшін жазықтымын жаралғаным ,
Ақын боп неге тудым армандарым .
Жеткізіп бере алмасам ойларымды
Сырлы сөз жазалай бер махаббатым .

Зымырап өтер уақыт асықтанып ,
Жыр құрап отырғанда ғашық болып .
Өрт алды дауыл соқты шабыттардан
Нәр сұрап жүрегімнен анықталып .

Көремін сағыныштың уақыт күшін ,
Өмірдің аялаған бақыт құсын .
Әуре ғып ұшып жүрген өлең шабыт
Құшаққа қомақталып дұрыс енгін ?

ӨЛЕҢ ЕТІП .
Кеттің бе , мазасыз боп ұлы тәңір ? ,
Көгіңнен тілеп едім нұрлы жаңбыр .
Құр бекер ұйытқытып бұлтты қума
Өтінем нөсер төксең жерді қандыр !

Қалды ғой жауын жаумай көптен бері ,
Жер ана сағынады көктен селді .
Долы жел айтқанынан қайтар емес
Аямай сорып жатыр беттен сөлді .

Қалайша жазаламас тәңір өзі ,
Өзгерсе заманында өмір сөзі .
Жалқаулар ұйқысынан оянбайды
Тірлігін керек етпей көңілдегі .

Сел болып жауар болсаң күркірегін ,
Менде бар саған қояр бір тілегім ?
Сезімнің ақ жаңбырын төгіп өтші
Ұшырсын бұл жүрегім жыр түлегін .

Көз жасым көңіл шығы тамшылама ,
Тәңірім сөз асылын қамшылама ?
Толқыған ойларымды ұстап алып
Байлайын өлең етіп қанжығама !

Дата: 09.02.14 11:51 11:51

r Серікбай Маханұлы ақын - сазгер пишет...

МАҚТАШЫ ҚЫЗ .
Сөзі , әні .
Нәзік сезіммен . Серікбай Маханұлынікі .

Таң атқанда ерке нұрмен ояндың ,
Ширақ басып ақ шәліңді орандың .
Айдын теңіз жүрек сырын тербетіп
Кешке қарай мақта теріп оралдың .

Қайырмасы :
Қос жүйекте ақ ұлпа ,
Келе жаттық қос қалқа .
Қатарластық , сырластық
Жаңа таныс болсақта .

Көз жүгірттім , тал бойыңа қарадым ,
Үлбірейді ашық – жарқын қабағың .
Жан салдырма терім жайда алдыңа
Еңбекпенен әнім болшы қарағым .

Қайырмасы :

Ерлік көрдім қыпша нәзік беліңнен ,
Махаббатты ұрламайын көзіңнен .
Кел екеуміз игі істер атқарып
Бір болайық шалқып жатқан еліммен .

Қайырмасы:

Дата: 06.10.13 14:45 14:45

r Серікбай маханұлы пишет...

МЕН ҚАЗАҚПЫН .
Мен қазақпын қаным таза жаралған ,
Ар жолында еркіндіктен нәр алған .
Анашымның ақ сүтінен ем қонып
Бесік жырым , ана тілмен таралған .

Жерлерім бар шексіз жатқан кең байтақ ,
Ойлап қара Ей , азамат сен байқап .
Қаратаудан көш тізбегі тізіліп
Елім – айға зарлап өткен бар аймақ .

Алашым деп , жауларынан сақтанған ,
Ел бірлігін бабаларым басқарған .
Атқа қонды , жерін қорғап ұран сап
Жігерленіп Ер намысын атқарған .

Көз жіберіп қарап көрші тарихқа ,
Өтті талай қан төгістер анық па ?
Мың бір өліп , қайта жасап тіріліп
Нар қазағым қайыспады азапқа !

Мен қазақпын , берік туған тілім бар ,
Шүкір еттім бостандықта дінім бар .
Тәуелсізбін ешкімдерге жалынбай
Иелік еткен егемендік елім бар .

Қайталаймын мен қазақпын есейген ,
Ел Ордасы Астанам бар көркейген . Алға , самға Қазақстан Әнұран – Көкке Туым , Елтаңбамен өрлеген !

Мақтанамын Нұр Отаным мен бүгін ,
Таңғалдырып , табындырып жер жүзін .
Әділетті қорғап өткін қазағым
Бұлт шалмасын елімізде күн көзін .
3

Дата: 26.09.13 09:14 09:14

r Серікбай Маханұлы ақын - сазгер . пишет...

ЖЫЛАМАСЫН АҚҚУЛАР .
Қос Аққулар ақ айдынның бетінде,
Жүзетұғын тәңертең де , кешінде .
Сылаң қағып, кейде олар жарысып
Бірі озып, бірі қалып кейінде .

Қанатымен суды есіп тынбастан,
Тұмсықтарын тірейді кеп иықтасқан.
Мойындарын созғылайды жоғары
Күн көзіне шағылысып-жұптасқан.

Көрген жандар қызығады қайран қап,
Екеуінің жүзгеніне сайрандап.
Қауырсыны үлбірейді нәп-нәзік
Сұлулықты бұлар алған-қайдан ап?

Бір есерсоқ аңшы келіп оқ атты,
Көлден Аққу бір сыңарын жоғалтты.
Судың бетін қызыл-ала қан еткен
Надандарды неге құдай жаратты.

«Гәккулейді»үнімен ну жағалап,
Қанатымен судың бетін сабалап.
Жалғыз Аққу тәңіріне жылайды
Жауыз болған адамдарын табалап.

ТЕРБЕЛЕДІ АҚҚУЛАР .
( әні бар )
Аққулар , ақ айдыннан тербелесің ,
Еріксіз жанға жайлы ән бөлейсің .
Үніңе назбен ғана тіл қатайын
Сағынған екі ғашық еркелейсің .

Көргенде шалқып жүзген Аққу назды ,
Бір сен деп аңсар әнім саған ауды .
Арманға ұласады бұйра толқын
Махаббат ұмытпассың сағынуды .
4


Мен отын махаббаттың үрлеп едім ,
Шоқ болып өренерін білмеп едім .
Тербетші іңкәрліктің ақ басігін
Өзіңмен бірге соқсын жан жүрегім .

Ақ ниет пәнилерге сеніп өткен ,
Бармекен ақ мақпалды келіп өпкен .
Айдыннан айналсоқтап шығалмаймын
Аққулар махаббатын беріп кеткен .

Көктегі жерден сәлем Аққуларға ,
Сендердей егіз жүрек «Гәкку» барма ?
Дариғай айырырса бір – бірінен
Жылайды жалғызсырап Аққуларда !
НЕГЕ АТТЫҢ АҚҚУДЫ ?
Кей жерлерде жас азаматтар Аққуды
үйрек деп атып , олжа етеді уақиға
Қызылорда Облыстарында кездескекн .
Газеттерден .
Сұранамын көкке мылтық көтерме ,
Айтқан сөзім адамдарға жетерме ?
Дүниенің жайлап ашып есігін
Кейбір пенде «надан» болып кеткен бе ?

Аққу саған олжамеді – қас жауыз ,
Аттың қалай көздеп тұрып қос ауыз .
Аққу деген құс емес пе , киелі
Адамдарға тілек қосқан жоқтаусыз .

Айуанда бөлінеді түр – түрге ,
Ажырамай олар бірақ жүр бірге .
Төрт аяқты малғұн бедің сен өзің
Қамалғаның дұрыс болар түрмеге !

Әнің емеспе ? шаршағанда салатын ,
Сәнің болып айдын көлге қонатын .
Жыламасын жалғызсырап «Гәккулеп»
Қос Аққулар самғағанда қанатын.
5


НЕ ТАБАР ӨСЕКПЕН.
Өсек деген сарнайды сөз тізгеннен,
Тіліменен сайрайды кез келгеннен.
Есебі жоқ ортаға түсіп қалса
Талай нәрсе қайнайды көз көргеннен.

Өсекпенен терлейді кісі болып,
Сол сабаздың өнбейді ісі оңып.
Кір шалғанда байқамай тұла бойын
Маңайларын мезгейді іші толып.

Есеппенен өсек көп есептелген,
Сала құлаш жүк артып ешекпенен.
Өтіріктің құйрығы шошаңдайды
Жүргенінде құр бекер өсекпенен.

Ақын жыры тергейді арамдарын ,
Өсекшіл жан сезбейді адалдарын.
Қанға сіңген бұл әдет барлық кезде
Тек қана бір көздейді адамдарын

КҮРСІНЕМІН ӨМІРГЕ.

Күрсінемін өмірге,
Құлақ тосып күбірге.
Алаңдаймын не үшін
Риза болмай бұл күнге?

Өмір деген ақша ғой,
Көрген түсің басқа ғой!
Бұраңдаған жол жатыр
Мазалайды баста ой.

Бұлттар тарап бір шетке,
Зырлайды кеп Күн көкте.
Кешкі құрым қанталап
Батып жатыр өзекте !

6


Қайран қалып қараймын,
Қандай өлең арнаймын.
Жанымды жеп барады
Шындық қайда қайранмын?!

Өзгерілді замандар ,
Баяғы бір адамдар.
Бәрі бірдей бір емес
Ішінде бар сараңдар!

Көрінгенмен кездесіп ,
Өтірік сөз -желдетіп.
Екі достың арасын
Бүлдіреді тездетіп .

Өскені ғой сабаздың ,
Көмегі көп қағаздың.
Білдірместен біреуге
Сүйтіп қана «ор» қаздың.

Обал-сауап ойда деп ,
Көзді жұмып қайда деп ?
Жоспар құрып тағыда
Маған түсті пайда деп ?

Жүргендер көп жүгенсіз,
Еркіндік қой - білсеңіз.
Өсектерін боратқан
Қандай өмір сүреңсіз.

Бар байлыққа қол жетті,
Жекеленіп жер кетті !
Қариялар бас болып
Тиялмады тентекті ?

Арыздарын айдаған ,
Ақшасымен байлаған.
Қабат-қабат үй салып
Өлімменен ойнаған.
7

Арамдар көп осындай,
Адал жанға қосылмай.
Дарыны жоқ ақыннан
Дұрыс өлең жазылмай

Ойдан құрап бөспе жыр,
Көп ақындар шетте жүр.
Пайдасы жоқ адамға
Жеке меншік істеп тұр!

Осыларға қарасаң ,
Өмір - өлең топалаң ?!
Ие болып өнерге
Қашан атар жаңа таң ?!
ЖАЗЫЛҒАН ӨЛЕҢ ОҚ БОЛСЫН .
Сөз маржанын дуалап көктен «пері»,
Жаза алмадым жақсы жыр көптен бері.
Күле алмадым,неліктен біле алмадым
Ақындар көп өнерде неткен «сері».

Жыр өрнегін бастайын енді қайдан,
Ақын болсаң сөз тыңда сен Абайдан.
Шырматылған қысқа жіп күрмелмейді
Арылмасаң бір таңғы ұшқын ойдан.

Күрсінеді жүрегім жүгенделген,
Қан тамырым соғады білеуленген.
Мақсатыма үлгі қып жетем десем
Жасқанатын хақым жоқ біреулерден.

Көп іздеймін кінәрат өлеңімнен,
Табылса деп тәрбие әлемінен.
Бей-жай болып шабыттан ұзай алмай
Әндерім жүр өзіндік әуенімен .

Қосжан , Бекен жыр төккен ақын екен,
Қысқа ғұмыр «ит» екен - өлім деген.
Қапысызда көз жұмды бұл өмірден
Алды-артын болжатып ақылменен.
8

Айбергенов қазақтың тойын бастар,
Бірге жүрген кешегі аға-достар.
Әндеріне Шәмшінің тәнті болып
Мұқағали жанында өңшең жастар.

Көзім көрді тәңірге жылағанын,
Шындық үшін «мінәжат» сұрағанын.
Өлеңдері болмаса құдыретті
Көрер едің өнерден «сұлағанын».

Өлең керек өмірге өткір тілді,
Табалмасын оқырман ешбір мінді.
Пікір айтып сынасын сыншыларың
Қақ жарғандай меңіреу қара түнді.

Жаралса деп өлеңім ақ алмастан,
Тілдесемін шабытпен шаршамастан.
Жазғандарым «оқ» болып тесіп өтсін
Көңіліңе ешкімнің қарамастан!
Ұшқыр қиял.
Ұшқыр қиял кетті алыс самғаған,
Армандарым жеткізбейді аңсаған.
О,Құдірет айтшы өзің турасын
Несібемді беріп едім арнаған.

Оянамын шыққан күнмен жарысып,
Белдер жатыр кеңістікте толқысып.
Қанат қағып ұшқанында топ құстар
Жер бетінде адамдар жүр тартқыласып .

Көтермегін көкке қарай мылтықты,
Көрсетпеңдер бойға біткен қырсықты.
Жаңылысып үйрек-қаз деп байқамай
Аққу түгіл,ата көрме шымшықты.

Өмір керек қыбырлаған бәріне,
Ызыңдатып салып жүрсін әніне!
Табиғаттың беріп қойған көркі ғой
Мас болмайық ішпей-жемей нәріне.
9

Айтарым көп тыңдасаңдар адамдар,
Болмасаңдар түсінбейтін надандар,
Сақтай білгін ар-ожданың ортаңды
Мына заман қандай жарқын қараңдар.

Емессің ғой тірі өлік, «нас-ноқат»,
Еңбек етсең табылады ас-ауқат.
Бабаларым ұрпақ үшін із тастап
Өткен бәрі кір келтірмей азамат!

Жетпістің жетегінде.

Жетпістің жетегіне өтемін бе,
Шынымен жастық шақты өтедім бе?
Бұл қалай қырма сақал-ақ бас шашты
Атанып ата болып кетемін бе ?

Бәрінен сескенемін сөз айтуға ,
Жолым жоқ кейін қарай бос қайтуға.
Дүние өтті-кетті шыр айналып
Есепсіз тіршілікті байытуға.

Күн көзін сезінемін жарығынан,
Ағыны бұл қай бұлақ бұраңдаған.
Байлықтың біле алмадым есебі жоқ
Жамандық жақсылыққа құралмаған.

«О, тоба» қатарымнан қалғаным жоқ,
«Су іштім» озбасамда- қарыным тоқ.
Ойласам бұл өмірді астан-кестен
Істерім бітпей жатыр – арманым боп !

Жетпіс жас сапарларым әлі де көп,
Өзеннің күркіреген- нәріндей боп .
Алға деп қозғаламын сыр берместен
Жалынды жастығымның гүліндей боп !


10


ТУҒАН ЖЕРГЕ .
Туған жер мені кешіргін,
Ерке ұл етіп өсірдің .
Нөсерін төгіп егілтіп
Шабыттың жырын келтірдің.

Таппадым теңеу жігерлі ,
Өзіңсің маған жыр елі .
Топырақ кешкен балғын шақ
Есімде қалдың күрделі !

Сезімнің байлап қиялын ,
Құр сөзбен қалай сиямын .
Өз жерім - болсын нұр пейіш
Өлеңнің нәрін жиямын.

Мәртебең биік өрлеген,
Қандай бір ыстық жер деген.
Көгіңде бұлтың қарайса
Жаңбыр деп білем – төгілген.

Құбыла белің жап – жазық ,
Жатады елің мал бағып .
Жайқалған шүйгін шөбіңнен
Табылар елге мол азық .

Силадың өмір туған жер ,
Бабалар болған қандай ер.
Қорғанын тумен белгілеп
Ұрпағы үшін төккен тер .

Бәйгеге қосқан тұлпарын,
Көремін өршіл ұлдарын .
Туған жер саған ұқсатам
Бал мінез өскен қыздарын.

Жасыл ел – жаңа жайлауым ,
Қызыққа толған ауылым !
Жарқырап күнің жаңарды
Таусылмас саған арнауым .
11
Мерейін өпкен шапағат
Сүйгіздің шындық махаббат.
Алғашқы асыл ғашығым .
Мен болам нағыз азамат .

ОРДАБАСЫ ЖАРЫҚ ТАҢ.
Болашаққа шындық сырын паш еттік ,
Оралғанда көне тарих - аш есік !!!
Мұражайдан ұрпағыма сөз қалсын
Әнге қосып, өлең жазып - бас идік .
Қазақ деген ұлтымызды білдіріп
Алмау үшін ана тілді бүлдіріп !

Тілің шықса сөйлей білгін талпынып,
Ел-жұртыңа азамат боп танылып .
Сөз құдірет саған ғана табынам
Бабалардың асыл сөзін сағынып .
Табылғанда қазбалардан мол олжа
Қолдай көргін Ей, жасаған сен ғана!

Батыс-Шығыс мәдениет елдерін ,
Көріппедің көзге біткен «шерлерін».
Солтүстік пен Оңтүстік ел өлкесі .
Білемісің Ордабасы ерлерін –
Ордасынана сәлем бергін қазақ деп
Бүгінгі күн сенің халқың азат деп!

Кінәларын талай жанның кешірдің,
Мазарлардан қандай сүйек келтірдің.
Көрмемізден орын алған дүние
Қашан-қалай қара жерге көмілдің?
Деп сөйлейді тарихшылар жазбасы
Бізге жеткен құмыра қыш қазбасы.

Қайран қалып, ашып тұрып есігін,
Тербетейін өлеңімнің бесігін .
Заман жаңа, адам басқа қарашы
Кім толтырар мұражайдың кемтігін!
Жер кіндігі Ордабасы жарық таң
Ел бірлігін бар әлемге танытқан !
12
ГЕОЛОГТАР- КЕН КӨЗІ .

Дата: 01.06.13 21:00 21:00

r Серікбай Маханұлы ақын - сазгер . пишет...

ЖЕЗ КИІК .
Толғаныспен Әні мен сөзі .
Серікбай Маханұлынікі .

Кең далаға бауыр басқан жез киік ,
Көркіңменен сұлулыққа сөз тиіп .
Беймезгілде дәті шыдап сұр мерген
Жүрегінен атты қалай көз қиып .
Қайырмасы :
Жанарыңнан жалт –жұлт етіп нұр көзің ,
Алтын болып жарқырайды мүйізің .
Үрейленіп кезесіңдер тобыңмен
Ақ бөкен – ау құмда жатыр жүз ізің .
Кеттің қайда бас сауғалап оралмай ?
Тыныш елден жылы мекен табалмай .
Киік көрдім қансыраған япырмай
Ши түбінде неге жатыр тұралмай ? .
Қайырмасы :
Жаны нәзік жануар ғой киелі ,
Еркелеткен табиғатын сүйеді .
Қас пен досты адамдардан аңғарса
Жез киіктер емін – еркін жүдеді .
Қайырмасы :

Дата: 18.04.13 11:59 11:59

r Серікбай Маханұлы ақын - сазгер . пишет...

ЖАЙЛАУ ӘНІ .
Баяулата көтере . Сөзі , әні ,
Серікбай Маханұлынікі .

Жайлауым ата – мекен сағындырған ,
Жанған от жер ошақта басылмаған .
Арманым алтын өлкем шақырасың
Бір уыс топырағың асыл маған .

Қайырмасы :
Елім менің , туған жерім Қазақстан ,
Кең жайлауда ата – салтым табысқан .
Оратылып Отаныма ақ тілек
Күн шығасың күлім қағып Шығыстан .

Жайылған дастарқаның жыйылмаған ,
Бас қосып даналарым жыйын құрған .
Жайқалған табиғатың қандай көркем
Қазақтың шежірелі сыйын алған .

Қайырмасы :
Көгіңнен ақша бұлттар мамырлаған ,
Өрістен төрт түлігің маңыраған .
Тізіліп тоғыз қанат аппақ үйлер
Ыстық боп көрінесің ауыл маған .

Қайырмасы :

Дата: 18.04.13 11:57 11:57

r Серікбай Маханұлы ақын - сазгер . пишет...

АППАҚ АҚ ҚҰСЫМ – АРМАНЫМ .
Тербетіліп Сөзі , әні .
Серікбай Маханұлынікі .
Табиғат сырын ақтығын ,
Көремін аппақ ақ қысын .
Неліктен баяу самғайды
Қанатын қағып бақ құсың ?

Қайырмасы :
Айлар мен жылдар алмасып ,
Махаббат жыры жалғасып .
Сенімге орнап жас шағым
Арманым менің бақ құсым .
Ақ қарың жауды жарасып ,
Сағым боп көкпен таласып .

Күн нұрын жиек аңсаған ,
Самалың қайда таранған ?
Вальстың биін үйретіп
Үскірік аяз ән салған .
Қайырмасы
Ағарып жатыр жер неткен ,
Аялап әнін тербеткен .
Кезекпен мезгіл айналып
Бақыттың таңы кездескен .
Қайырмасы .

Дата: 18.04.13 11:54 11:54

r Серікбай Маханұлы ақын - сазгер . пишет...

ОҢТҮСТІГІМ .

Орташа екпінмен . Сөзі , әні .
Серікбай Маханұлынікі .

Шұрайлысың Оңтүстігім кең далам ,
Саған арнап жүрегімнен ән салам .
Сағынышым туған елім арманым
Байлығың көп қасиетті ақ мақтам .

Қайырмасы :
Оңтүстігім шалқып жатқан көлімсің ,
Керуендер ізі қалған шөлімсің .
Ғасырларға куә болып Отырар
Жібек жолын бастап берген жолымсың .

Күлімдейсің шұғыладан барлық маң ,
Нұрға бөлеп құлпырасың шуақ таң .
Сұлулығың табиғатқа жарасып
Оңтүстігім сырлы сазбен жарысқан .

Қайырмасы :

Аққан өзен сылдыр үнін естимін ,
Көкке ұшқан қыран болып қалқимын .
Туған жерім Оңтүстік Қазақстан
Қабыл алғын жаңа бір ән силаймын .

Қайырмасы :

Дата: 18.04.13 11:51 11:51

r Серікбай Маханұлы ақын - сазгер . пишет...

АҚ ЖАҢБЫР ӘНІ .
Сезімді толқыта . Сөзі , әні .
Серікбай Маханұлынікі .

Ақ жаңбыр жауды тамшылап ,
Көңілдің күйін қамшылап .
Шақырған жерге келмедің
Жүректі жаным мазалап .

Қайырмасы :
Жан сырымды меңгеріп ,
Жұбата көр сен келіп .
Төгілмесін бір тамшы
Көз жасың боп теңселіп .

Арманым жаным адалсың ,
Жаңбырмен жүзің тазарсын .
Нұр сәуле жылжып барады
Әперсем оны аларсың .

Қайырмасы :
Тұрсада аспан қараутып ,
Тұрмайық біз жан ауыртып .
Махаббат болған ақ жаңбыр
Бастасын әнді жаңғыртып .

Қаййырмасы :

Дата: 18.04.13 11:49 11:49

r Серікбай Маханұлы ақын - сазгер . пишет...

ЖАНЫМА ЕНГЕН ҚОҢЫР КҮЗ .

Шырқата , сезіммен .
Сөзі , әні .
Серікбай Маханұлынікі .

Көрдің бе , жігіт көрікті ,
Басында сусар бөрікті .
Таластан ұшқан тырналар
Қоңыр күз қайта келіпті .

Қайырмасы:

Тырналар әнін самғаған ,
Ізгілік ниет ақ арман .
Далама келген қоңыр күз
Табиғат нұрын жалғаған ,
Еліңе сені қайтарған .

Қайттың ба , жылы мекенге ,
Сағыныш болып әлемге .
Әнімді тербеп тырналар
Куә бол нәзік сезімге .

Қайырмасы :

Тырналар ұштың Таластан ,
Егіздей ерке жарасқан .
Жаныма енген қоңыр күз
Қарашы көкпен таласқан .

Қайырмасы :

Дата: 18.04.13 11:47 11:47

r Серікбай Маханұлы ақын - сазгер . пишет...

МЕҢДІ ҚЫЗ .

Көтеріңкі Сөзі , әні .
Серікбай Маханұлынікі .

Көркіне сай ақ желеңді меңді қыз ,
Неге жұмбақ оның аты белгісіз ?
Келбетіне жарасады қиғаш қас
Күлімдейді алдарына келсеңіз .

Қайырмасы :
Ей , жігіттер шыдаңдар ,
Шың басында Шынар бар .
Қолың жетсе сол қызға
Меңді қызда тұмар бар .

Бір көргенде тал бойларың дір етер ,
Оған деген сезіміңді тербетер .
Шипалы қол жаратылған меңді қыз
Берген дәрің іңкәр етіп шөлдетер .

Қайырмасы :

Жүрек сырын түсінетін қыз бар ма ,
Аялайтын махаббатта сөз бар ма ?
Ғашық болсаң меңді қызға сен өзің
Ұмтыласың биік шыңға , арманға .

Қайырмасы :

Дата: 18.04.13 11:45 11:45

r Серікбай Маханұлы ақын - сазгер . пишет...

ӘНІН ШЕРТСЕ – ШӘМШІ ӘНІ .
( Шәмшінің әнін орындаушыларға )
Шаттықпен Сөзі , әні .
Серікбай Маханұлынікі .

Ақ жауын көк жүзінен нұрын төккен ,
Далама самал болып желін ескен .
Тырналар тізбектеліп қанат қағып
Шәмшінің бұл өмірге әнін шерткен .

Қайырмасы :
Көрікті қыз – жігіт ,
Неткен көрікті едің .
Арыстың бойларын
Бұрын көріппе едің ?
Арманы көп болған ,
Көктемнің кештерінде
Шәмшінің лебізін
Тыңдап естіппе едің ?

Қыз – жігіт гүлі болған көркі сәні ,
Тырналар әнін шертсе Шәмші әні .
Ақ күріш Сырдың бойын маржан еткен
Бастауын , ән бұлағын көрші кәні .

Қайырмасы :
Оралмас өтті күндер ізін тастап ,
Шәмшінің махаббатын әнін сақтап .
Жайнаған , күлімдеген қара көздер
Шуақ боп шашылыңдар мәнін жаттап .

Қайырмасы :

Дата: 18.04.13 11:39 11:39

r Серікбай Маханұлы ақын - сазгер . пишет...

ҚАРАҒЫМ – АЙ .
Баяулата көтеріп . Сөзі , әні .
Серікбай Маханұлынікі .

Әнім бедің Қарағым – ай ,
Қандай жарқын жанарың – ай .
Махаббаттың гүлін сыйлап
Жан жүрегім жалындадай .
Қайырмасы :
Қарағым – ай қарашы ,
Лүпіл соғар шың басы .
Қозғалыста жүрегім
Өзің көріп тыңдашы .

Хор қызындай Қарағым – ай ,
Көптен күткен арманым – ай .
Әуреледің неге мұнша
Көктен жыржып барады Ай .
Қайырмасы :
Қарағым – ай жыр дайын ,
Ақ қайыңнан сұрайын .
Ғашықтардың сырларын
Домбырама тартайын .

Сені іздеп Қарағым – ай,
Шақырады бал қарағай .
Біз екеуміз куә болған
Тербеледі барлық маңай .
Қайырмасы :
Қарағым – ай жыр сақтап ,
Әнім қалсын тұрақтап .
Сүйгеніңе тіл қатшы
Махаббатқа шырақ боп .

Дата: 18.04.13 11:36 11:36


Ваше имя и фамилия:
E-mail:
  Пожалуйста введите ваш e-mail если вы желаете, чтобы владельцы этого сайта связался с вами.
Комментарий:
Are you from the moon?
 
  Все посты будут модерироваться и мы оставляем за собой право удалять комментарии не по теме.
 
© 2016 WEB100kz
Все права защищены.
Website Screenshots generously
provided by PagePeeker. Timezone: Almaty, KZ.