web100kz.com

www.madman.kz - madman.kz Новости рекламы, креатив, дизайнеры, уроки Photoshop -

Поиск WEB100:
 
Категории: Бизнес, Финансы и Рынок | Государство | Компьютеры и Интернет | Культура и искусство | Медицина и здравоохранение | Развлечения | Семья, мода и здоровье | СМИ | Спорт | Технологий и связи | Добавить сайт
 

Мы используем файлы cookie, чтобы сделать контент и рекламу более интересными и подходящими для вас, дать вам возможность делиться информацией в социальных сетях, а также проанализировать наш трафик. Мы передаем информацию о ваших действиях на сайте нашим партнерам: рекламным и аналитическим сервисам, а также социальным сетям. Подробнее…

 
 
<a href="https://www.instaforex.com/ru/250bonus.php?x=JINB">ИнстаФорекс портал</a>
 
 

madman.kz Новости рекламы, креатив, дизайнеры, уроки Photoshop -

www.madman.kz

madman.kz Новости рекламы,  креатив,  дизайнеры,  уроки Photoshop -

Дата регистрации: 26.08.09 02:24

Переходов: 58

Вебмастер / владелец: Обновить сайт


Посетите сейчас: madman.kz Новости рекламы, креатив, дизайнеры, уроки Photoshop -

Отказ от отвественности Отказ от отвественности: Web100kz не несет ответственности за содержание сайта, который Вы собираетесь посетить. По вопросам, касающимся содержания сайта, пожалуйста, свяжитесь с его владельцами.

Сайт был разработан для экономии Вашего времени и для скорейшего продвижения вашего бизнеса.
Вся реклама Алматы! Каталог рекламных агентств, типографий, фото студий! Уроки Фотошоп (Photoshop), Новости рекламы. Все о рекламе и с чем ее едят!
Мы знаем, что на поиск хорошего рекламного агентства, типографии, WEB и дизайн студии и других подобных компаний, которые вам необходимы время от времени, уходит много сил и драгоценных часов и именно поэтому был создан сайт madman.kz!
Вы можете найти на сайте madman.kz много интересного для себя и вашей компании, в неотъемлемой части продвижения бизнеса – в рекламном мире.


r Серікбай Маханұлы ақын - сазгер . пишет...

МАСКҮНЕМНІҢ ТҮСІ.

Келеді батпақ кешіп белуардан ,
Ұсқыны айнымайды жануардан .
Аяғы алға баспай , кейін кеткен
Ішкілік айырыпты ұят- ардан .

Теңселіп жүріп келе жатса керек ,
Жағалай көше бойы – бәрі терек .
Алдынан бір «сұлу қыз» кезігеді
Маскүнем ұмтылады елден ерек .

Дейді ол : сене қойшы , о қарағым !
Қой десең ішкілікті доғарамын .
Өмірде мендік болсаң мына өзің
Бір сенің айтқаыңды құп аламын .

Денесі кешке қарай мұздай түсті ,
Арамза ішімдігің қандай күшті .
Белшеден саз балшыққа батқан екен
Көрмеген бұрын – соңды мұндай түсті .

Іздерін қыйсық жолдың басқан екен ,
Құсық боп жағаға дақ қатқан екен .
Аймалап құшып – сүйіп бөренені
Қыз ба деп , кешке дейін жатқан екен .
.
АРАҚ ПЕН ШАМПАН :
(мысал)
Арақ пен Шампан дауласты,
Саудаға салып сау басты .
. Кез болып екеуі бір тойда
Атаққа бола жауласты.
«Даңқым шықты адамдардың елінде ,
Көркі болдым үстелдердің төрінде .
Менің арқаң күн көргенің әр дайым
Қызықшылық той- думанның бәрінде»
.
Деп:-Шампанға Арақ кеп езеуреді ,
Бұл сөзіне Шампанда төзер еді .
«Төгілетін көбіксің- үп дегенде
Бос кеудеңді көрсетпе жетер енді» .

Деген сөзге Шампан келіп атылды ,
Көрейін деп дандайсыған батырды .
Әділетпен жауап берші сұраққа
Даулы істен алып қашпай басыңды ,

Дүниеде ең бірінші кім бұзық ,
Арамдықпен жүресің ғой тор құрып .
Қылмыс тола, сорақылық ісіңнен
Жауап алар ішкендерден тұрғызып.

Ал мен болсам жыйын-тойда сөз алып ,
Ақ ниетті адамдармен қозғалып .
Дос боламын барлық тойды бастауға
Тілек айтып шын ниетпен ырғалып .

Оңды-соңды Арақ, Шампан зулады,
Әлде кімдер гуілдесіп шулады.
Ерегістен не шығады ағайын
Тойымызға енгізбейік мұндайды.

Сорақы іс кездеседі бар елде,
Күншілдікпен айтысатын ілезде.
Ақ адамға күйе жағып сыртынан
Аңдып жүрер әрбір басқан ізіңде.


ІЗДЕЙДІ-АУ ҰЯЛМАЙ .

Бір жағдайға ұшырапты қараптан,
Пендесі ғой бір Алланың жаратқан .
Күле қарап ұзын мойын көк сауыт
Ақылсызды бір өзіне қаратқан .

Кінәміз жоқ , қоятығын біз оған ,
Қақтығыспай аулақ жүрсек бір одан.
Күресіп көр , төтеп берер жекпе-жек
Жықпақ болып , келседағы жүз адам.

Жыйыстырды тыйындарын пұл қылып ,
Екеу ара ішімдікке құл болып .
Қыйсық жолға түскендерін сезбеді
Анасынан туды қалай ұл болып

Тойып алып, аң-таң болып бір кезде,
Кісі болып кезек бермей сөздерге.
Отырады екі көзі төрт болып
Не бір сұмдық елестейді құр көзге.

Екі аяқ төрт аяққа айналды,
Қызық көріп саламын деп сайранды.
Темір тордан орын тауып отырды
Доғарамай құлқынынан ақаңды !

АРАҚТЫҢ ШЫРҚАУЫ .

Тұрады-ау кейбір достар кеуделеп,
Шөлмектерін бөлісе алмай екеулеп.
Өңшең мылжың басын қосып базарда
Ішімдікке ақша іздер бебеулеп .

Үлкендігін сылтау етіп бір ағаң ,
Қолды жайып тыйын-тепшік сұраған.
Сумаң қағып, қош айтысып арымен
Көзді жұмып биіктерден құлаған .

Қызыл ішіп, арақ ішіп әрдайым,
Тақылдатып көмейімен, таңдайын.
Не боларын ертеңіне сезбеді
Тасқа ұрып жұмыр басын-маңдайын.

Мастық сезім, жылы сөздер арбады,
Өсек етіп таза жанын қорлады.
Сиқырланған көк шыныдан «у» ішіп
Өмір жолын ішімдікке арнады.

АЛКАШ МҰҢЫ .
Ой, сүмдық-ай пендең едім жаратқан,
Тұла бойым арылмады шараптан.
Қайғым құса, қуанышым дерт болып
Құтыла алмадым «алкаш» деген атақтан.

Ішімдегі қатқан шерім тарқамай ,
Ішіп келдім сені ойлап қалқамай .
Күнделікті әдетім боп қол жаю
Не себеп деп , сұрамашы- «қал қалай».

Жүрген едім сені сүйіп өзіңді,
Жарқын бейнең «қара меңдей» көрінді.
Жан жүрегім дірілдеді қалтырап
Безгек болдым кім емдейді – көңілді ?

Сиқырлаған таңғажайып сұр түлкі ,
Шақырады алдап-арбап бір күлкі.
Достар қайда түк. таппадым мен бірақ
Елестейді «Шығайбайдың» - бар мүлкі?!
БАЛЫҚ ПЕН ДУАДАҚ .
(мысал)

Мөлдір суда жүзіп жүрді бір балық .
Несібеден қалған емес құр қалып .
Құрлықтағы Дуадақпен кездесіп
Тілдесті де, сөйлесті кеп ырғалып.

-Жүрмін іздеп достасуға адал жан ,
Ойланайық тұрмыс жайлы жаңадан.
Көңіл көтер, ән думанды бастайық
Көлге қарай жүзбейсің бе жағадан ?

Осал емес, дос болуға Дуадақ ,
Ақыл айтты нәрлі сөзбен дуалап.
- Жайқатылған шалғын шөпке келсейші
Бір күндері көлдің түбі суалат.

Суға сепсе жугенсіздер карбитын ,
Нең қалады тіршілікке арзитын ?
Су бетінде қалықтаса бар денең
Досың қайда осындайда танитын?

Екеуі кеп көпке дейін арбасты ,
Жеңіске кім жетер екен алғашқы?
Арбау сөздер бар тілекпен айтылды
Әрі қарай сиқырлы сөз жалғасты.

Дуадақта жыр қып айтты балыққа ,
Ақылыңнан өміріңде жалықпа .
Не тілейсің бір өзіңе бәрі бар
Ие болып жер бетінде қалықта ?

- Жоқ құрметтім жарылқасын көлімнен,
Кете алмаймын жұмақ болған төрімнен.
Су түбінде асыл тасты маржан бар
Келіп көрші суға сүңгіп көзіңмен .

Дуадаққа айтып болдым барымды ,
Деген сәтте Балық үрейге салынды.
Көз алдына кәнсербілер елестеп
Кешіргін деп Дуадаққа жалынды .

Іздегенде адал досты таппады ,
Күлкі етіп қайта өзін даттады.
Судағыдай жүзе алмай құрлықта
Қайғы бұлты бір басына қаптады .

Істемесе ақылыңмен өз басың ,
Кімге керек жылағанда көз жасың.
Әлің кетіп, шөлдеп-талып жатқанда
Адал болмас қутыңдаған жан досың!

АРАҚ ТУРАЛЫ НАҚЫЛ.

Арақ мөлдір су - өзіне тартады .
Талай жанға үлкен міндет артады.
***
Арақта тіл менен ой жоқ демеңіз,
Байқап көрші қызғаннан соң денеңіз.
***
Дастарханда көрінеді арақ дос,
Ішкеннен соң нағыз жауың саған қас.
***
Құр бекерге арақты сен қорлама,
Көзді жұмып, жолды таппай сорлама.
***
Ішер болсаң кейбір жерде арақты,
Ұмытпағын адам деген «ар-атты»
***
Дұшпан сөзі бар тілегі - ақ арақ ,
Уландырар мысқылымен бір қарап.
***
Қайсарлықта керек шығар араққа,
Жыға алмайсың өмір-бақи бірақта .
***
Тыңдаңыздар есі болса - ұл кімде,
Әуестенбе арақпенен бұл күнде !
***

Дата: 16.04.13 23:39 23:39


Ваше имя и фамилия:
E-mail:
  Пожалуйста введите ваш e-mail если вы желаете, чтобы владельцы этого сайта связался с вами.
Комментарий:
Are you from the moon?
 
  Все посты будут модерироваться и мы оставляем за собой право удалять комментарии не по теме.
 
© 2016 WEB100kz
Все права защищены.
Website Screenshots generously
provided by PagePeeker. Timezone: Almaty, KZ.